Қош келдіңіздер!

Біз Сіздерді «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Әлеуетті өнім берушілерді алдын ала біліктілігі бойынша іріктеу (ақпараттық жүйесінің) веб-порталында қош көргенімізге қуаныштымыз.

Алдын ала біліктілігі бойынша іріктеуге қатысу үшін 7 қадам

Жүйеде жұмыс істеудің міндетті шарты – Ұлттық куәландыру орталығының электронды-цифрлы қолтаңбасын, не болмаса, Гамма Технология компаниясының электронды-цифрлы қолтаңбасын пайдалану.

Жүйеге кіру үшін алынған қолтаңбаны орнатып, осы беттің үстіңгі оң жағында орналасқан «Кіру» деген батырманы басу қажет. Жүйе Сізге орнатылған қолтаңбаны (сертификат) таңдауды ұсынады, ол бойынша жүйеге кіру жүзеге асырылады.

Алғаш кірген кезде жүйе Сізге тіркеу кезеңінен өтуді ұсынады.

Сұрақтар мен жауаптар

ЭЦҚ деген не?

Электронды-цифрлы қолтаңба

ЭЦҚ-ны қалай алуға болады?

ЭЦҚ және тіркеу куәлігін (сәйкестендіру сертификаты) алу үшін Сізге http://pki.gov.kz/ сайтында on-line режимінде өтінім беру қажет

ЭЦҚ паролі қандай?

Барлық электронды-цифрлы қолтаңбалар үшін пароль – 1-ден 6-ға дейін. ЭЦҚ пайдаланушы өз паролін өзгерте алады.

ЭЦҚ-да қандай файл түрлері бар?
Жеке тұлғалар үшін:
  • GOST сертификаты – сұрауларға қол қоюға арналған
  • AUTH_RSA сертификаты – порталда сәйкестендіруге арналған
Заңды тұлғалар үшін:
  • GOST сертификаты – сұрауларға қол қоюға арналған
  • RSA сертификаты – порталда сәйкестендіруге арналған
Сәйкестендіру сертификаты (RSA / RSA auth) деген не?

Пайдаланушының тіркеу куәлігі

Internet Explorer және Mozilla Firefox браузеріне ҰКО түбірлік сертификаттарды қалай орнатады?

ҰКО түбірлік сертификаттарын браузерге орнату үшін түбірлік сертификаттар файлына екі рет басу қажет, одан кейін орнату шебері ашылады. Орнату шеберінің ұсынатын барлық іс-әрекеттерін орындаңыз, олардың барысында сізге «Сенімді түбірлік сертификаттау орталықтары» айдарында файлды сақтау директориясын көрсету қажет.

Internet Explorer, Mozilla Firefox браузері мен JAVA қосымшасына сәйкестендіру сертификатын (RSA / RSA auth) қалай орнатады?

Internet Explorer браузеріне сәйкестендіру сертификатын орнату үшін RSA / RSA auth файлына екі рет басу қажет, одан кейін орнату шебері ашылады. Орнату шеберінің ұсынатын барлық іс-әрекеттерін орындаңыз, олардың барысында сізге сәйкестендіру сертификатының паролін енгізіп, «Жеке» қойындысына файлды сақтау директориясын көрсету қажет.

Mozilla Firefox браузеріне сәйкестендіру сертификатын орнату үшін браузерді ашып, мәзір үстелінде мыналарға басу қажет: «Құралдар» → «Баптау» → «Қосымша» → «Шифрлеу» → «Сертификаттарды қарап шығу» → «Сіздердің сертификаттарыңыз» → «Импорттау» , ашылған терезеден өз сертификатыңызды таңдап алып, оны импорттаңыз.

Java қосымшасына сәйкестендіру сертификатын орнату үшін Java ашу қажет, ол үшін мыналарға өтіңіз: «Бастау» → «Басқару үстелі» → «(Бағдарламалар) → Java» → «Қауіпсіздік қойындысы» → «Сертификаттар» → «Сертификат түрі» → «Клиентті сәйкестендіру», сосын «Import» басыңыз, RSA / RSA auth сәйкестендіру сертификаты файлын көрсетіп, оны одан әрі біртіндеп лайықтауды жүзеге асырыңыз.

Internet Explorer және Mozilla Firefox браузерінде сәйкестендіру сертификатының (RSA / RSA auth) және ҰКО түбірлік сертификаттарының болуын тексеру дәйектілігі

Internet Explorer браузерінде сәйкестендіру сертификатының (RSA / RSA auth) және ҰКО түбірлік сертификаттарының болуын тексеру үшін сізге мәзір үстеліндегі «Сервис» батырмасын басып, одан әрі тізімнен «Шолушы қасиеттері» таңдап, сосын «Мазмұны» қойындысына өту қажет, одан әрі «Сертификаттар» батырмасына басыңыз, онда сіз жеке қойындысында өзіңіз орнатқан сәйкестендіру сертификатының (RSA / RSA auth) көре аласыз, ал сенімді түбірлік сертификаттау орталықтары қойындысында тізімнің соңында өзіңіз орнатқан ҚР ҰКО түбірлік сертификаттарын (RSA) көре аласыз.

Mozilla Firefox Для браузері үшін сертификаттың болуын тексеру іс-қимылдарының дәйектілігі мынадай болады: «Құралдар» → «Баптау» → «Қосымша» → «Шифрлеу» → «Сертификаттарды қарап шығу» → «Сіздердің сертификаттарыңыз».

Егер сертификаттар орнатылмаса, мына сілтеме бойынша өтіңіз: ҰКО түбірлік сертификатын орнату және Сәйкестендіру сертификатын (RSA / RSA auth) орнату

Алдын ала біліктілігі бойынша іріктеу порталымен жұмыс істеу үшін ұсынылатын браузерлер

Internet Explorer және Mozilla Firefox

"НИЛ "Гамма Технологии" ЖШС шығарған электронды цифрлы қолтаңбаларды пайдаланатын ҚР бейрезиденттері үшін Internet Explorer ғана пайдалану қажет.