Жаңалықтар

Перечень товаров, работ и услуг, закупаемых у квалифицированных потенциальных поставщиков

Жүктеу 16-қар-17 15:38:24
Выписка из Протокола заочного заседания Правления АО "ФНБ Самрук Казына"

Жүктеу 3-қар-17 18:20:45
Алдын ала іріктеу шеңберінде әлеуетті өнім берушілерді верификациялық және/немесе техникалық аудиттерді жүргізу үшін тартылатын Ұйымдарға іоріктеу жүргізу туралы хабарлайды

«Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС алдын ала іріктеу шеңберінде әлеуетті өнім берушілерді верификациялық және/немесе техникалық аудиттерді жүргізу үшін тартылатын Ұйымдарға іоріктеу жүргізу туралы хабарлайды. Аудиттерді өткізу тәртібі Әлеуетті жеткізушілердің аудитін жүргізуге арналған нұсқаулықта (бұдан әрі - Нұсқаулық) берілген. Өтінішті беру тәртібі, өтінімнің мазмұны мен өңделуі туралы талап, қажетті құжаттардың тізімі, сондай-ақ Қатысушыларға іріктеу кезінде қойылатын біліктілік талаптары верификациялық және/немесе техникалық аудиттерді жүргізу үшін тартылатын Ұйымдарды іріктеу Регламентінде (бұдан әрі - Регламент) келтірілген. Регламент, Нұсқаулық, сондай-ақ іріктеуге қатысты қосымша ақпарат pko.skc.kz және www.skc.kz сайттарында орналасқан. Регламент талаптарына сәйкес келетін Қатысушылардың өтінімдері келесі мекенжай бойынша ұсынылады: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Кунаев көшесі 8, блок Б, «Зүбаржат орамы» бизнес-орталығы, № 3337 каб. Өтінімдерді қабылдау 2017 жылдың «9» қазанынан бастап жүзеге асырылады (12 сағат 30 минуттан бастап 15 сағат 00 минутқа дейінгі үзіліспен 10 сағат 00 минуттан бастап 18 сағат 00 минутқа дейін). Өтінімдер берудің соңғы мерзімі - 2017 жылдың «20» қазаны сағат 18.00-ге дейін. Қосымша ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады: 8 (7172) 55 45 81 (i_pak@skc.kz).

9-қаз-17 09:31:56
3 сәуірден бастап «Самұрық-Қазына» АҚ компаниясының сатып алуларының бір бөлігі алдын ала біліктілігі бойынша іріктеуден өткен өнім берушілер арасында ғана өткізілетін болады!

3 сәуірден бастап «Самұрық-Қазына» АҚ компаниясының сатып алуларының бір бөлігі алдын ала біліктілігі бойынша іріктеуден өткен өнім берушілер арасында ғана өткізілетін болады! «Самұрық-Қазына» АҚ пен «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС-ның ресми ресурстарында және сатып алудың электронды алаңында 3 сәуірден бастап Қор тобына кіретін барлық компаниялар алдын ала білікті іріктеу тізбесіне кірген кәсіпкерлерден ғана сатып алатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің 64 тізбесі орналастырылды. Сатып алулар ережесіне тиісті өзгерістер енгізіліп, «Самұрық-Қазына» Холдингінің барлық ұйымдары өздерінің сатып алуларын енгізілген өзгерістерге сәйкес жүргізеді. Бұл тендерлер tender.sk.kz. электронды сатып алудың ақпараттық жүйесі базасында өткізілетін болады. Жарияланған тізбеге ұңғымаларды бұрғылау, жобалау жұмыстары бойынша инженерлік жұмыстар, кабельдік өнімдер және т.б. бірқатар қызмет түрлері сияқты позициялар кірді. Қазіргі таңда барлығы 64 позиция бар, оның ішінде тауарлар - 32, жұмыстар – 12, қызметтер - 20. Бірақ, «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС атап өткендей тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің бұл тізбесі үнемі толықтырылып отырады, ал келешекте ұлттық компаниялардың барлық бәсекеге қабілетті сатып алулары тек қана алдын ала біліктілігі бойынша іріктеу тізбесіне енгізілген кәсіпкерлер арасында жүргізілетін болады. «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС алдын ала біліктілігі бойынша іріктеу рәсімін өткен жылдың 25 шілдесінде бастағанын естеріңізге сала кетейік. Кәсіпкерлерге көмек ретінде компания мамандары «Facebook» әлеуметтік желісінде күнделікті бейне-конференция жүргізеді. Бейне-конференция барысында әрбір адам өзінің сұрағын қойып, алдын ала біліктілігі бойынша іріктеуден өту жөнінде көмек ала алады. Колл-орталық 8-7172-57-02-75 номері бойынша қызмет көрсетеді.

7-мау-17 10:50:22
2017 жылға арналған алдын ала біліктілік бойынша іріктеу шеңберінде Әлеуетті өнім берушілердің верификациялық және техникалық аудиттерін өткізу үшін ұйымдарды іріктеуді жүргізу туралы хабарлама.

«Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС 2017 жылға арналған алдын ала біліктілік бойынша іріктеу шеңберінде Әлеуетті өнім берушілердің верификациялық және техникалық аудиттерін өткізу үшін ұйымдарды іріктеу жүргізуін хабарлайды. Аудиттерді өткізу тәртібі Әлеуетті өнім берушілердің аудитін өткізу жөніндегі нұсқаулықта (бұдан әрі Нұсқаулық) келтірілген. Өтінім беру тәртібі, Өтінімнің мазмұнына және оны ресімдеуге қойылатын талаптар, қажетті құжаттар тізбесі, сондай-ақ Қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары Әлеуетті өнім берушілердің көшпелі верификациялық және техникалық аудиттерін өткізу үшін ұйымдарды іріктеу регламентінде (бұдан әрі Регламент) келтірілген. Регламент, Нұсқаулық, сондай-ақ іріктеуге қатысты қосымша ақпарат www.pko.skc.kz және www.skc.kz сайттарында орналастырылған. Регламент талаптарына сәйкес келетін Қатысушылардың Өтінімдері желімделген конвертте мына мекенжай бойынша ұсынылады: 010000 Қазақстан Республикасы, Астана қ., Қонаев көш., 8, Б блогы, «Изумрудный квартал» бизнес орталығы, № 3337 кабинет. Өтінімдерді қабылдау 2017 жылдың «29» мамырынан бастап жүзеге асырылады (12 сағат 30 минуттан бастап 15 сағат 00 минутқа дейінгі үзіліспен 10 сағат 00 минуттан бастап 18 сағат 00 минутқа дейін). Өтінімдер берудің соңғы мерзімі - 2017 жылдың «9» маусымы сағат 18.00-ге дейін. 2017 жылға арналған алдын ала біліктілік бойынша іріктеу шеңберінде Әлеуетті өнім берушілердің верификациялық және техникалық аудиттерін өткізу үшін ұйымдарды іріктеу жөніндегі комиссия отырысы 2017 жылдың «15» маусымында сағат 11.00-де мына мекенжайда өткізіледі: 010000 Қазақстан Республикасы, Астана қ., Қонаев көш., 8, Б блогы, «Изумрудный квартал» бизнес орталығы, № 3306 кабинет. Қосымша ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады: 8 (7172) 55 45 81 (i_pak@skc.kz).

25-мам-17 23:41:18